Біз кімбіз

Мұнай-газ өнеркәсібінің инженерлер қоғамы (SPE) мүшелері мұнай-газ саласының кәсіпқойлары болып табылатын коммерциялық емес кәсіби қауымдастық болып табылады. Біздің қоғамымыз әлемнің 144 елінен  168000 астам мүшесін біріктіреді. SPE жарияланымдар, іс-шаралар, тренинг-курстар және онлайн-ресурстар арқылы  мұнай-газ барлау және өндіру саласына байланысты техникалық ақпаратты іздестіру мен таратудың басты ресурсы болып табылады. Осы іс-шараны өткізуден түскен табыс Қоғамның басқа бағдарламаларына инвестицияланады. SPE іс-шарасына бару арқылы Сіз сала мамандарын олардың техникалық және кәсіби құзыретін артыру үшін тағы да көптеген мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге көмектесесіз.  Студенттерге арналған бағдарламалар, мамандарды сертификаттау,  «Еңбек сіңірген дәріс оқушылар» бағдарламасы, Energy4me оқыту бағдарламасы бұл барлық қолданыстағы SPE  бағдарламаларының аз ғана бөлігі болып табылады.

 

Тұрақты даму саясаты

SPE өз іс-шараларын дайындау және өткізу кезінде қоршаған ортаға әсерін азайту саясатын ұстанады. Тұрақты даму және мұнай-газ саласының негізгі құндылықтарына сәйкестік саласында өрлеу мақсатында біз энергияны тұтынуды қысқартамыз, қозғалыстың экологиялық қауіпсіз құралдарын қолданамыз, суды тұтынуды қысқартамыз және қалдықтарды азайтамыз.