Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы және SPE 1 - 3 қараша 2016 жыл Астана, Қазақстан

Конференция кестесі

 

 

Сейсенбі, 1 қараша

10.00 - 11.50

Конференцияның ашылу салтанаты

11.50 - 12.10

Кофеге үзіліс және білім алмасу үшін стенділік баяндамаларды ұсына отырып сессия

12.10 - 13.30

Конференцияның ашылуына орай панельдік сессия:  Мұнайдың расталған қорлары
Сессия төрағалары:
Ұзақбай Қарабалин (Uzakbai Karabalin), KazEnergy
Томас Локхарт (Thomas Lockhart), Agip Karachaganak

Қазақстанда кейбір қызықты әрі күрделі ірі әлемдік ресурстарды қосқанда, дүниежүзілік мәнге ие орасан зор мұнай кеніштері бар.  Игерудің соңғы кезеңінде тұрған кен орындарының көптігін назарға ала отырып, сонымен қатар Қашаған кен орнының игерілуін ескере отырып, қазір келешек ұрпақтар үшін өндіру деңгейін көтеретін және қолдайтын ресурстарды іздеудің уақыты туындап отыр. Мұнай-газ өнеркәсібі шекара маңындағы барлау, ұңғыма маңындық аймақты барлау арқылы мұнай қорларын ашудың, сонымен қатар қабаттарды анықтау мен жетілдірілген технологияларды қолданудың үздік әдістерінің көмегімен қабаттардағы мұнай қорларын ашудың бай тарихына ие. Осы мүмкіндіктердің барлығы Қазақстан Республикасында бар: мұнда жақсы барланбаған терең карбонатты шөгінділер бар, оларды өндіруге «Еуразия» өршіл жобасы шоғырландырылған; Қазақстанның ірі кен орындары әрі қарай барлануы және игерілуі мүмкін,  бұл елдің расталған қорларына орасан зор үлес қоса алады; ұңғыма маңындағы аймақты барлау үшін инфрақұрылымның қолданыстағы объектілерінде құрылыс салу мүмкіндігі бар; сонымен қатар қолданыстағы бұрынғы кен орындарының үлкен қоры бар, онда өндіру мұнай өндірудің жаңа әдістерін пайдаланып және жаңа коммерциялық тәсілдемелерді қолдану есебінен өндіріске қолдау көрсетіледі. Барлық осы салалардағы позицияларды күшейту қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада мұнай өндірудің келешек міндеттерінің жолы болып табылады.

Қарастырылып отырған тақырыптар:

  • Шекара маңындағы барлау: «Еуразия» жобасы
  • Ұңғыма маңындағы аймақты барлау
  • Пайдалану орнындағы кен орнын игеру
  • Жақсартылған/жетілдірілген мұнай өндіру
  • Жаңа бизнес-модельдер

13.30 - 14.30

Түскі ас

14.30 - 16.00

1-техникалық сессия:
Қабаттың сипаттамасы және петрофизика
Қабаттың сипаттамасы және петрофизика көмірсутек қорларын анықтауға және игеруге қатысты геологиялық-геофизикалық зерттеулердің аясындағы негізгі пәндер болып табылады. Петрофизик ғалымдар қабаттың сипаттамаларын түсінуде кәсіптік инженерлерге және геофизиктерге көмек көрсету үшін тартылады. Петрофизиканың басты аспектісі каротажды диаграмманы, керн өлшеулерін және сейсмикалық өлшеулерді алу және енгізу арқылы тау жыныстарының қасиеттерін өлшеу және бағалау болып табылады. Содан кейін бұл зерттеулер қабаттың толық сипаттамасын алу үшін кен орындарын игеру технологиясымен және геологиялық және геофизикалық зерттеулермен үйлестіріледі.
Осы сессияның барысында біз қабаттың құбылмалығын бақылайтын петрофизикалық қасиеттер бойынша ақпарат береміз, модельдеудің жаңа технологияларын талқылаймыз және Қазақстандағы жобалардың мысалында жекелеген оқиғалардың талдауын ұсынамыз.                                         

2-техникалық сессия:
Қолда бар деректердің негізінде модельді лайықтау және өндіруді болжау
Қолда бар деректердің негізінде қабаттың моделін лайықтау күрделі және ұзақ жұмыс болып табылады. Әмбебап тәсілдеме бұл мәселеде жоқ және әрбір инженердің қанағаттанарлық нәтижеге қол жеткізуде  өз тәсілдемесі бар. Тиісті түрде қолданғанда, қолда бар деректердің негізінде модельді лайықтау өндірудің үздік болжамдарын алуға әкеледі.
Бұл бөлімде модельді калибрлеуде және өндіруді болжау процестерін түсінуде шұғылданушы кәсіпші инженерлерге көмек көрсете алатын рефераттар берілген. Бұл тақырып жобаның жалпы орындалу мерзімін қысқарту үшін жеделдетілген талдау технологияларын және автоматтандырылған технологияларды пайдалану мақсатында модельді жақсы лайықтау үшін ағынның гидравликалық бірліктерін қолдануды қосқанда, бірнеше перспективадан қарастырылады.

 

Сессия төрағалары:
Ахмед Эль-Баттави (Ahmed El-Battawy), Schlumberger Асель Салимова (Assel Salimova), Baker Hughes

Сессия төрағалары:
Ильяс Саурбаев (Ilyas Saurbayev), NCOC
Дэниэл Камминг (Daniel Cumming), Maersk Oil

16.00 - 16.30

Кофеге үзіліс және білім алмасу үшін стенділік баяндамалар ұсынумен сессия

16.30 - 18.00

3-техникалық сессия:
Құрылыс, ұңғымаларды игеру және ұңғымаішіндік жұмыстар
Осы сессияның аясында техникалық, атап айтқанда, шығыстарды қысқарту және қабат сипаттамаларын анықтау іс жүзіндегі өзгерістерге және жаңа құралдар мен технологияларды әзірлеуге әкелгендігі мәселелері қарастырылатын болады. Каспий өңірінің кен орындарында жаңа тәсілдемелерді қолданудың жекелеген жағдайын талдау ұсынылатын болады.
 

4-техникалық сессия: Қабаттық жүйелердің сипаттамасы

Осы сессияның аясында ұңғыманың шегінен тыс қабаттың қасиеттері қарастырылады. Сейсмикалық әдістерге қосымша, ұңғыманы гидродинамикалық зерттеулер және қысымның түсуінің қисық сызығын талдау секілді динамикалық әдістердің үйлесімі қабаттың әлдеқайда терең қаттарына жарық түсіруге көмектеседі. Бұл деректер қабаттардың құрылымдық күрделілігін анықтау үшін ұңғымалар бойынша деректермен геологиялық модельге біріктіріледі. Сессияның аясында табиғи жарықшақты карбонатты шөгінділердің шарттарында технологияны қолдану нұсқалары және Қазақстандағы, Ресейдегі және Қытайдағы жобалардың мысалында жекелеген оқиғаларды талдай отырып, газконденсатты қабаттарға циклдік газды кері айдау ұсынылатын болады.

 

Сессияның төрағалары:
Грэгори Кинг (Gregory King), ExxonMobil
Жазар Токтаболат (Zhazar Toktabolat), BG Group

Сессияның төрағалары:
Роберто Косетти (Roberto Cosetti), Agip Karachaganak
Ахмад Эль-Баттави (Ahmed El-Battawy), Schlumberger

18.00 - 19.30

Қошеметті фуршет

 

 

Сәрсенбі, 2 қараша

09.30 - 09.40

Өңірлік салтанатты марапаттау рәсімі

09.40 - 11.00

Өзекті мәселелер бойынша панельдік сессия: жобаның өміршеңдігі
Сессияның төрағалары:
Джеффри Блейк Карфункл (Jeffrey Blake Karfunkle), KMG
Деван Раж (Devan Raj), Schlumberger

Қазақстанда әлдеқайда жоғары баға шарттарында тартымды болып табылатын көптеген жобалар бар.  Алайда, қазіргі уақытта, көптеген осындай жобалар барлаудың немесе игерудің ескі стратегияларын қолдану шарттарында өміршең болып санала алмайды. Барлық типтегі жобалар – теңіз аймағында, құрлықтық бөлігінде, мүлдем жаңа және қолданыстағы қуаттылықтарды кеңейту – барлығы қаржылық қиындық тұрғысында қарастырылады. Операторлар өз жобаларын әрі қарай жылжытуды қамтамасыз ету үшін барлау бағдарламаларын және өздерінің стратегияларын өзгертеді.  Бұл тәсілдемелер қамтиды: жаңа технологияларды қолдану, жергілікті жеткізушілердің тартылуын ұлғайту, қолданыстағы және жоспарланатын инфрақұрылымды пайдалануды барынша жоғарылату үшін өңірлік ынтымақтастық, сонымен қатар мердігерлерден құнын төмендету әрекеттерін пайдалану. 

11.00 - 11.30

Кофеге үзіліс және білім алмасу үшін стенділік баяндамалар ұсынумен сессия 

11.30 - 13.00

5-техникалық сессия:
Жарықшақты/карсты қабаттар

Жарықшақты және/немесе карсты қабаттар көмірсутекті шикізат ресурстарының және қорларының әлемдік жүйесінде маңызды орын алады. Бұл күрделі қабаттық жүйелер динамикалық сипаттамалар болмаған жағдайда қабаттың сипаттамаларын тиімді айқындау және анықтау үшін келісілген, көптәртіптік қатынасты талап етеді.

Осы сессияның аясында құрылымдық/диагенетикалық процесстердің базасында туындайтын матрицалық емес сипаттамаларды бағалау және модельдеу, сонымен қатар олардың қабаттық жүйелердің қасиеттеріне және технологиялық көрсеткіштеріне әсері қарастырылатын болады.

6-техникалық сессия:
Көмірсутектер жүйелері

Көмірсутектер шөгілімдерін барлау көп миллионды инвестицияларды талап ететін жоғары технологиялық күрделілікпен байланысты. Көмірсутекті жүйенің элементтерін бағалау техникалық және қаржылық тәуекелдерді барынша азайту үшін кез келген барлау жұмыстарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Осы сессияның аясында мұнай жүйелерін модельдеуді зерттеуде компаниялармен қабылданатын жаңа әдістер мен тәсілдер; қашықтықтағы жаңа аумақтарда көмірсутектерді барлау мүмкіндіктері мен қиындықтары қарастырылатын болады.

 

Сессия төрағалары:
Брайан Эванс (Brian Evans), NCOC
Рахим Утеев (Rakhim Uteyev), Қашаған KMG

Сессия төрағалары:
Марат Наурызгалиев (Marat Nauryzgaliyev), NCOC
Олжас Бегимбетов (Olzhas Begimbetov), KMG

13.00 - 14.00

Түскі ас

14.00 - 15.30

7-техникалық сессия:
Сейсмикалық мониторинг қосымшалары
Барлаудың ең ерте кезеңдерінен бастап кен орнын игеру кезеңіне дейін сейсмикалық қосымшалар мақсатты жерасты қабаттарын зерттеу және бағалау үшін кеңінен қолданылады. Мысалы, тереңдік, пішін, ажырау тектоникасы, кеуектілік және қабат жүйесінде сұйықтықтың болуы секілді маңызды ақпарат деректерді алудың және өңдеудің тиісті формаларын қолданған кезде сейсмикалық толқындарды тарату арқылы зерттеулердің негізінде алынуы мүмкін.
7-техникалық сессияның аясында сейсмикалық деректердің жерасты қабаттармен байланысты белгісіздікті төмендетуге, көлденең ұңғымалардың, бағытталған бұрғылаудың дәлдігін жоғарылатуға немесе құрылымдық пішінді және қабат жүйелері сұйықтықтарының болуын болжауға қалай көмектесе алатындығына кейбір мысалдар қарастырылатын болады.

8-техникалық сессия:
Пайдалану қауіпсіздігі және қауіпсіздік мәдениеті

Мұнайгаз өнеркәсібінде қарастырылатын әзірлемелер күтілетін қауіпсіздік сипаттамалары тәуекелге жол беруді жалпы төмендетумен, нормаларды қатайтумен және тексеруші органдардың тарапынан қатаң бақылаумен, сонымен қатар құрғақтағы және қайраңдағы ірі апаттардың материалдық және беделге келетін салдарларын жоғарылатумен байланысты өсетіндігін болжайды. Қауіпсіздікті қадағаламау құны жоғарылайды, ал өндірімділікті арттыру болжалдың өсуімен қатар жүріп отыруы тиіс. Осы сессияның аясында қауіпсіздік мәдениетін әзірлеумен, адам факторын басқарумен, қауіпсіздікті басқарумен, қайраңдық қауіпсіздікпен және мұнайдың жылыстауына әрекет етуді басқарумен байланысты бірнеше алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен тәсілдемелер қарастырылады.

 

Сессия төрағалары:
Франсуа Жугла (Francois Jugla), Total
Александр Ивахенко (Aleksander Ivakhenko), Қазақ-Британ техникалық университеті

Сессия төрағалары:
Валерий Кучеров (Valery Kucherov), ERM
Дастем Жасанов (Dastem Zhassanov), Теңізшевройл

15.30 - 16.00

Кофеге үзіліс және білім алмасу үшін стенділік баяндамалар ұсынумен сессия  

16.00 - 17.30

9-техникалық сессия: Мұнайдың қайтарымын жоғарылатуға әрекеттену

Мұнайдың берілісін жоғарылату технологияларын ұдайы жақсартуға талаптар игерілген кен орнының қызмет мерзімін арттыруға және энергия қауіпсіздігін қолдауға әкеледі. Осы сессияның аясында біз алдыңғы енгізуді техникалық қадағалаудың жаңа әдістерін қосқанда, деректерді жиынтықтау және болжамдарды жақсарту үшін талдау әдістерімен, сонымен қатар ұңғыманың қабылдау профилін теңестіру және енгізу жылдамдығын оңтайландыру әдістерімен газды айдау тиімділігін жоғарылату және суландыруды жетілдіру бойынша тәжірибелерді ұсынамыз.

10-техникалық сессия: Техникалық қадағалау және өндіруді оңтайландыру

Өндіру жүйелерін оңтайландыру шығындарды басқаруға бағытталған қазіргі таңдағы пайдаланудағы өте маңызды аспект болып табылады. Тігінен үлкен қалдықтармен ұңғымаларда және тігінен ауытқумен ұңғымаларда ақпаратты жинау бойынша мүмкіндіктердің кеңеюінен бастап және коллектор және қабаттар модельдерін енгізумен және түйіндестірумен аяқтай отырып, өндіруді техникалық қадағалау және оңтайландыру бойынша сессия құнына, алынған деректердің негізінде шешімдер қабылдауға және өндіруді ұлғайтуға әсер ететін пилоттық және техникалық жетілдірулерді қамтитын болады.

 

Сессия төрағалары:
Айжана Жүсіпбекова (Aizhana Jussupbekova), NCOC
Нинг Лиу (Ning Liu), Теңізшевройл

Сессия төрағалары:
Натаниэль Кэмерон (Nathaniel Cameron), Теңізшевройл
Абзал Нарымбетов (Abzal Narymbetov), ENI

 

 

Бейсенбі, 3 қараша

09.30 - 10.50

Негізгі мәселелер бойынша панельдік сессия: Бизнесті қайта ұйымдастыру
Сессия төрағалары:
Джон Ричард Дэнис (John Richard Denis), KMG
Шэрил Гомез-Смит (Cheryl Gomez-Smith), ExxonMobil

Қазақстандағы коммерциялық шарттар әлемдік оқиғаларға (мысалы, мұнайға бағаның төмендеуі және шетелдік валютаның қайта бағалануы) және өңірлік оқиғаларға (мысалы, коммерциялық қызметке қатысты Қазақстанның заңнамалық актілерін өзгерту және қайта қарау) әрекет ете отырып, өзгереді.  Үкімет, жеке ұйымдар және корпорациялар жаңа бизнестің қазіргі шындығында бәсекеге қабілеттілікті және табыстылықты қолдаудың жолдарын анықтайды және құрады. Осы сессияның аясында біз Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібі бәсекелік әлемдік нарық шарттарында техникалық және коммерциялық тұрғыда бәсекеге қабілетті, жетістікті болуы, сонымен қатар «Трансформацияда» (100 нақты қадам) анықталғандай, ең табысты 30 мемлекеттік салаларға қосыла алуын қамтамасыз ету үшін қажетті өзгерістерді қарастыратын боламыз.

Тақырыптар: 

  • Стандартты жаһандық техникалық мүмкіндіктерді құру.
  • Мәдени өзгерістер және жұмыс процесінің өзгерістері.
  • Өзгерістер кезіндегі тәуекелдердің басқарылуын түсіну
  • Бизнесті жеңілдету (мысалы, үкіметтік деңгейде, жеткізушілер, мердігерлер деңгейінде, қаржыландыру деңгейінде және т.б.)
  • Сатылы өзгерістер және/немесе үздіксіз жетілдірулер (мысалы, ұйымдық құрылымдар, шығындар құрылымы)
  • Қазақстанның мүмкіндіктерін максималды пайдалану
  • Экономиканы жаңарту үшін халықаралық стандарттарды (мысалы, ДСҰ, ОЭСР, Дүниежүзілік банк, БҰҰ Қауіпсіздік комитеті) максималды пайдалану
  • Өзгерістерді алға бастырудағы үкіметтің рөлі
  • Өзгерістерді алға бастырудағы өнеркәсіптің рөлі
  • Ұзақ мерзімді перспективада шолу

10.50 - 11.10

Кофеге үзіліс және білім алмасу бойынша стенділік отырыстар

11.10 - 12.40

11-техникалық сессия: Игерілген кен орнын әзірлеу кезіндегі жетілдірулер

Осы сессияның аясында берілген материалдар технологиялық жобалаудан бастап пайдаланушылық жүзеге асыруға дейін тиімділігі жоғары тәсілдемелерді көрсететін болады. Әзірлеуді жылдамдатудың ең танымал мүмкіндіктерінің бірі қышқылмен өңдеу немесе қабаттың гидроажырауы көмегімен ынталандыру болып табылады. Бірнеше мысалда кен орындарын игерудің нәтижелері және осындай күш салулардың жинақталған тәжірибесі, сонымен қатар игерілген кен орнында плунжерлік көтергіштің жаңа жүйесін енгізу арқылы бұрын қараусыз қалдырылған ұңғымаларды пайдалануға қайтару мәселелері қарастырылатын болады.

12-техникалық сессия: кәсіпшілік шарттарында Қолдануларды пайдалану

Қазіргі таңда мұнайгаз кен орындарында жинауға болатын ақпараттың негізгі бөлігі дұрыс шешімдер табу үшін талдаудың тиімді әдістерін талап етеді. Басқа тәсілдеме мұнайгаз кен орындарының күрделене түсуі техникалық емес тәуекелдерді қамтитын факторлардың әлдеқайда кең ауқымын ескере отырып, шешімдер қабылдауды талап ететіндігіне негізделеді. Сондықтан осы сессияның аясында біз кен орнының жалпы пайдалану сипаттамаларын жақсарту технологияларын және әдістерін қолдануды, сонымен қатар шешімдер қабылдау үдерісін қарастырамыз.

 

Сессияның төрағалары:
Бауржан Қасенов (Baurzhan Kassenov), Теңізшевройл
Асия Қажыкенқызы (Assiya Kazhikenkyzy), KMG

Сессияның төрағалары:
Мауро Мартуфи (Mauro Martufi), Agip Karachaganak 
Андреа Скотти (Andrea Scotti), Agip Karachaganak

12.40 - 13.00

Қорытындылау

13.00 - 14.00

Түскі ас