Заманның сын-тегеуріндері мен өзгерістер

3-ші жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы және SPE көрмесі 2016 жылғы 3 қарашада Астанаға, Қазақстанға оралады.  Осы жылдың тақырыбы «Мәселелер мен өзгерістер» дүниежүзілік сондай-ақ аумақтық деңгейде мұнай және газ өнеркәсібі тап болатын ағымдағы нарық жағдайларына назар аударады. Конференция технологиялық жетістіктерді, сонымен қатар аймақтағы дамуын қолдауға қатысты талқылау тақырыптары үшін  аймақтық және халықаралық сарапшылар үшін тұғырнама дайындап алуға мүмкіндік береді.

Тиісті саладағы 400 астам кәсіпқойлар Тәуелсіздік сарайының есігін ашты, СТСЕ үкіметтің жоғарғы эшелондарынан, оператор-компанияларынан, қызметтерді жеткізушілерден, энергетика саласындағы кеңес беру және зерттеу компанияларынан спикерлер шығатынын атап өткен жөн, соның ішінде:  Сауат Мынбаев  –  ҚазМұнайГаз басқармасының Төрағасы; Магзум Мирзагалиев  –  Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі;  Болат Акчулаков, KAZENERGY бас директоры; Кенжебек Ибрашев, бас директор, PSA; Черил Гомес-Смит –ExxonMobil Kazakhstan басқарушы директоры; және Дункан ван Берген – вице-президент, өндіру бойынша концерн төрағасы және Қазақстандағы вице-президент, Shell, және тағы көптегендер. Әрі қарай оқу >>​


 

«Тиімді технологиялық даму ағымдағы маңызды мәселелер бойынша кәсіби тәжірибемен және алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен алмасуға арналған платформаны ұсынбай мүмкін болмайды. Осы жылы Астанада өткізілетін Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі үшін өте маңызды оқиға болып табылады.»

Мирзагалиев Магзум, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің орынбасары

 


 

 Бұған дейін өткізілген CTCE шараларына шолу жасау және алынған сұхбаттар

Әзірбайжандағы CTCE 2015 конференциясы

Қазақстандағы CTCE 2014 конференциясы

 


Қатысудың басты шарттары:

  • Каспий өңірі бетпе-бет келетін басты қиындықтарға арналған панельдік сессиялар ұйымдастырылатын болады.
  • Білім мен тәжірибе алмасу мақсатында зерттеулер негізінде дайындалған таныстырылымдар ұсынылатын техникалық бағдарлама
  • Кәсіби байланыстар желісін кеңейту үшін үшін тамаша мүмкіндіктер
  • Саладағы соңғы беталыстар мен өзгерістерді айқындау, қарастыру және талқыға салу 

Кімге:

  • Мұнай-газ саласындағы кәсіпқойларға, сарапшылар мен басшыларға
  • Қызмет көрсету компанияларының, сондай-ақ жеткізілім және консалтинг саласында жұмыс істейтін компаниялардың қызметкерлеріне
  • Мемлекеттік реттеу органдарына
  • Денсаулық қорғау, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған орта қауіпсіздігі саласындағы мамандар мен кәсіпқойларға
  • Жергілікті, ұлттық және халықаралық үкіметтік ұйымдардың өкілдеріне
  • Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне
  • Кәсіби қоғамдастықтарға
  • Университеттерге, зерттеу орталықтары мен институттарына 

«Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі KAZENERGY қауымдастығына өңірдің мұнай-газ секторының барлау және өндіру бойынша техникалық мәселелерінің шешімін іздестіруде қолдау көрсету арқылы қатысушылардың көмегімен өз мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Осының арқасында өнеркәсіп дамудың келесі кезеңіне өте алады, ал жергілікті экономика елеулі пайдаға кеңеледі. Біз барлық делегаттарға, көрме қатысушылары мен келушілеріне табысты талқылаулар мен бар игілікті тілейміз».

Болат Акчулаков, Бас директор, KAZENERGY қауымдастығы

 

«SPE Қазақстанда және бүкіл әлемде мұнай мен газды өнеркәсіптік игеруге қолдау көрсетуге арналған мүмкіншіліктер туғызады, сонымен қатар көпшілік жұртшылыққа қолдау жасайды. Мұнай-газ өнеркәсібінің ағымдағы нарықтық жағдайларын назарға ала отырып, бұл рөл өте маңызды. КМГ осы жылда өткізілетін Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесіне мақтанышпен қолдау көрсетуді жалғастырады».

Кристофер Хопкинсон, Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары, ҚазМұнайГаз