Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы және SPE көрмесі 31 қазан - 2 қараша 2018 Астана, Қазақстан
  • Society of Petroleum Engineers
  • қонақтаушы мекеме KMG

қонақтаушы мекеме

 

Серіктестер қолдауы

 

Тіркеу шілденің басында ашылады

 

5TH ANNUAL EVENT

 

МИҚ-тың жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі 2018 жылдың 24-26 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Астана қаласында

2018 жылы МИҚ-тың Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі қайтадан Қазақстанда өткізіледі және бұл кезекте ол Каспий өңіріндегі және бүкіл дүние жүзіндегі мұнай-газ өнеркәсібінің алдында тұрған өзгеріп жатырған нарықтағы ахуалға арналады. Биылғы конференцияда жергілікті, өңірлік және халықаралық сарапшылар өздерінің білімімен, біліктілігімен және озық тәжірибесімен бөлісіп, кәсіптік біліктілікті арттыруға және конференция қатысушыларымен бірегей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін тұғырнаманы құрады.


Өткен жылы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесіне дүние жүзіндегі 21 елден, солардың ішінде Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Түркменстан және Каспий өңірінен тыс орналасқан өзге елдерден мұнай-газ өнеркәсібінің 550-ден астам кәсіпқой маманы қатысты. Конференцияға өнеркәсіп майталмандары, солардың ішінде АРММК, БП, Тоталь, Статойл, ЭксонМобил, Теңізшевройл, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Драгон Ойл, Петронас, Инпекс, «Газпром нефть» ҚАҚ, Новатэк, Ресман, Роксар, Голдман Сакс, Лукойл, Шлюмберже, Халлибуртон, Бейкер Хьюз секілді көптеген компаниялар қатысты.

 

««АРММК» компаниясы барлау және өндіру саласындағы техникалық мұнай-газ қоғамдастығының (МИҚ, БГҚ, ЕГИҚ) барлық әзірбайжан өкілдерінің күннен-күнге қатары артып келе жатырған халықаралық мамандармен кездесіп, технологиялық ой-пікірлерімен бөлісе алатын осы бір бірегей және мазмұнды шараға белсенді түрде атсалысып келеді. Бұл шара Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Ресей секілді дүние жүзіндегі елдерден жиналған жоғары деңгейлі баяндамашылардың, делегаттар мен техникалық баяндама авторларының қатысуы арқасында шын мәнінде халықаралық деңгейдегі Каспий өңірлік конференциясына айналды».

«АРММК» компаниясының бірінші вице-президенті Кошбахт Юсифзаде


ҚАТЫСУДЫҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІ:


  • Каспий өңірімен байланысты күрделі мәселелерді зерттейтін мамандардың жиналыстарына ҚАТЫСАСЫЗ
  • Білім, озық әдістер мен тәжірибе алмасу үшін зерттеу жұмысына негізделген презентацияларға баса назар аударылған толықтай техникалық тақырыптарды қамтитын бағдарлама арқылы өз біліміңізді ЖАҚСАРТАСЫЗ
  • Жоғары деңгейлі баяндамашыларды және өнеркәсіп майталмандарының техникалық презентацияларын ТЫҢДАЙ АЛАСЫЗ
  • Өзара қарым-қатынас құруға арналған тамаша мүмкіндікті пайдаланып, өзіңіздің кәсіби тұрғыдағы іскерлік қарым-қатынастарыңызды ҰЛҒАЙТАСЫЗ
  • Өнеркәсіптегі ағымдағы қиындықтар мен үрдістерді АНЫҚТАЙСЫЗ, даулайсыз және талқылайсыз

БҰЛ ШАРАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?


  • Мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпқой мамандары, сарапшылар мен басшылар
  • Мұнай өңдеу, барлау және өндіру салаларындағы сервистік, қамтушы және консалтингілік компаниялардың өкілдері
  • Энергетика өнеркәсібіне қатысы бар мемлекеттік қадағалаушы органдардың өкілдері
  • Барлау және өндіру саласымен байланысты денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының мамандары мен өкілдері
  • Жергілікті, ұлттық және халықаралық үкіметтік ұйымдардың өкілдері
  • Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері
  • Энергетика саласындағы кәсіптік қоғамдардың өкілдері
  • Университеттер, зерттеу орталықтары мен институттардың өкілдері 

«ЭксонМобил» компаниясы МИҚ-тың жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесін өткізуге биыл да атсалысу мүмкіндігіне ие болғанын мақтан тұтады. Өзінің бес жылдық тарихында бұл конференция мұнай-газ өнеркәсібінің жергілікті және халықаралық кәсіпқой мамандарына салада кезіккен қиындықтары мен тәжірибесін талқылауға, техникалық білім сапасын арттыруға, іскерлік қарым-қатынас құруға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен өнеркәсіптің даму жолындағы жетістіктерді ұғуға арналған негізгі тұғырнамаға айналды»

«ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясының басқарушы директоры Шерил Гомез-Смит