Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы және SPE көрмесі 31 қазан - 2 қараша 2018 Астана, Қазақстан
  • Society of Petroleum Engineers
  • қонақтаушы мекеме KMG

Пікірлер

«ЭксонМобил» компаниясы МИҚ-тың жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесін өткізуге биыл да атсалысу мүмкіндігіне ие болғанын мақтан тұтады. Өзінің бес жылдық тарихында бұл конференция мұнай-газ өнеркәсібінің жергілікті және халықаралық кәсіпқой мамандарына салада кезіккен қиындықтары мен тәжірибесін талқылауға, техникалық білім сапасын арттыруға, іскерлік қарым-қатынас құруға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен өнеркәсіптің даму жолындағы жетістіктерді ұғуға арналған негізгі тұғырнамаға айналды».
«ЭксонМобил Қазақстан Инк.»
компаниясының басқарушы директоры Шерил Гомез-Смит
(2018 жылғы КТКК)

 

««АРММК» компаниясы барлау және өндіру саласындағы техникалық мұнай-газ қоғамдастығының (МИҚ, БГҚ, ЕГИҚ) барлық әзірбайжан өкілдерінің күннен-күнге қатары артып келе жатырған халықаралық мамандармен кездесіп, технологиялық ой-пікірлерімен бөлісе алатын осы бір бірегей және мазмұнды шараға белсенді түрде атсалысып келеді. Бұл шара Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Ресей секілді дүние жүзіндегі елдерден жиналған жоғары деңгейлі баяндамашылардың, делегаттар мен техникалық баяндама авторларының қатысуы арқасында шын мәнінде халықаралық деңгейдегі Каспий өңірлік конференциясына айналды».
«АРММК» 
компаниясының бірінші вице-президенті Кошбахт Юсифзаде
(2017 жылғы КТКК)

 

«Төртінші жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі әлемдегі мұнай бағасы төмендеген уақытта да компаниялар икемін табып, мұнай мен газ ресурстарын тиімді түрде игеру жұмысын жалғастыра алатынын көрсетті. Талқылау барысында цифрлық технологияларды енгізу және жергілікті жағдайларға бейімделу мұнай мен газ кен орындарын игерудің тиімділігін арттыруға сүбелі үлес қосатыны жөнінде сөз қозғалды. Конференцияда түрлі тәжірибелермен және ойлармен алмасу мүмкіндігі айтарлықтай тұрақты қуат түрін өндіруге бағытталған өнеркәсіп төңірегіндегі ынтымақтастықты нығайтуға өз септігін тигізеді».
Ресей және Каспий өңірі бойынша МИҚ өңірлік директоры Айжана Жусупбекова 
(2017 жылғы КТКК)

 

«МИҚ-тың беделге ие Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі Каспий өңірінің мұнай-газ өнеркәсібі үшін маңызды шара болып табылады. Бакуда өтіп жатырған төртінші жыл сайынғы конференция мұнай-газ өнеркәсібінің жергілікті және халықаралық кәсіпқой мамандарына бірге жерге жиналып, салада кезіккен қиындықтары мен тәжірибесін талқылауға, техникалық білім сапасын арттыруға, іскерлік қарым-қатынас құруға, сондай-ақ жаңа технологиялар мен өнеркәсіптің даму жолындағы жетістіктерді ұғуға бірегей мүмкіндік туғызуда. Мен осы шараға қатысуды жоспарлап отырмын және сіздермен сонда жүздесетініме үміттенемін».
2018 жылғы МИҚ президенті Дарси Спейди
(2017 жылғы КТКК)

«Мен МИҚ-тың Каспий техникалық конференциясы мен көрмесіне 2014 жылдың қараша айында Астана қаласында алғаш өткізіліп бастаған сәтінен бері қатысып, атсалысып келемін. Бұл шара халықаралық мамандардың қызығушылығын тудырып, қатысуға мүмкіндік беріп отырған Каспий өңіріндегі алып техникалық жиын ретінде қалыптасып, жүзеге асырылуда. Пайдаланушы және сервистік компаниялардың қатысуымен өтетін мамандар арасындағы және техникалық талқылаулар барысында өңірлік алаңдаушылықтар жоғары кәсіби деңгейде қарастырылады. Каспий техникалық конференциясы мен көрмесінінің қатысушылар санының ұлғаюы мен оның техникалық мазмұнының айтарлықтай жетілуі Каспий техникалық конференциясы мен көрмесінінің маңыздылығы мен өркендеуінің айғағы болуда».
«Драгон Ойл Түрікменстан»
компаниясының мұнай өндіру жөніндегі аға инженері Самех Макари
(2016 жылғы КТКК)

 

«Астана қаласында өткізілген МИҚ-тың Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылатын жаңа технологияларды талқылауға және әлемнің түрлі елдерінен жиналған кәсіпқой мамандардың тәжірибе алмасуына арналған тамаша тұғырнамаға және маңыздылығы зор шараға айналды».

«Қазақстан мұнайшы-геологтары» 
қоғамының президенті Балтабек Куандыков
(2016 жылғы КТКК)

 

«Ағымдағы маңызды мәселелерге қатысты кәсіптік тәжірибе мен озық әдістерді алмасуға арналған тұғырнаманы құрмай, технология тұрғысында тиімді түрде даму мүмкін емес. Биыл қайтадан Астана қаласында өткізіліп жатырған Каспий техникалық конференциясы мен көрмесі Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібі үшін аса маңызды шара болып табылуда».
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Мағзум Мирзагалиев
(2016 жылғы КТКК)

 

«МИҚ Қазақстан Республикасындағы және жалпы дүние жүзіндегі мұнай және газ қорларын игеруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы өнеркәсіпке және жалпы жұртшылыққа айтарлықтай көмек көрсетуде және оның маңыздылығы, мұнай-газ өнеркәсібімен байланысты ағымдағы нарық жағдайларын ескере отыра, тіпті бұрынғысынан да арта түсті. «ҚМГ» компаниясы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесін өткізуге биыл да атсалысу мүмкіндігіне ие болғанын мақтан тұтады».
«ҚазМұнайГаз» 
АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Хопкинсон
(2016 жылғы КТКК)