Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы және SPE көрмесі 31 қазан - 2 қараша 2018 Астана, Қазақстан
  • Society of Petroleum Engineers
  • қонақтаушы мекеме KMG

Конференцияның Бағдарламалық Комитеті тең төрағаларының хаты

Құрметті кәсіптестер!

Мұнайшы-инженерлер қоғамының (МИҚ) және Каспий өңіріндегі мұнай және газ өнеркәсібі қоғамдастығының атынан Сіздерді 24 және 26 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Астана қаласында өтетін МИҚ-тың бесінші жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы мен көрмесінің техникалық бағдарламасына енгізу үшін қарастыруға өз баяндамаларыңызды ұсынуға шақырамыз.

Биылғы жыл жаңа сын-тегеуріндер мен өзгерістерге толы жыл болмақшы және осыған орай біз халықаралық және жергілікті деңгейдегі мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпқойларының ағымдағы нарық жағдайларына баса назар аударып, әрекеттесуін одан әрі нығайтатынына үміттенеміз. Биылғы конференция жергілікті, өңірлік және халықаралық деңгейдегі сарапшыларға өңірдегі технологиялық өрлеу мен дамуды қолдаудың және ынталандырудың негізгі мәселелерін талқылауға арналған тұғырнаманы құруға мүмкіндік береді.

 

МИҚ:

  • мұнай және газ өнеркәсібінің кәсіпқой мамандарын, сарапшылар мен басшыларды;
  • мемлекеттік қадағалаушы органдарды;
  • денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының мамандары мен өкілдерін;
  • жергілікті, ұлттық және халықаралық үкіметтік ұйымдарды;
  • үкіметтік емес ұйымдарды;
  • сервистік, қамтушы және консалтингілік компанияларды;
  • университеттерді, зерттеу орталықтары мен институттарды аталмыш конференцияға атсалысуға шақырады.

 

Сіздердің техникалық тақырыптарды қамтитын баяндамаларыңызды асыға күтеміз және 2018 жылдың қазан айында өздеріңізбен Астана қаласында жүздесетінімізге сенімдіміз.

 

«ҚМГ ҒЗИ» компаниясының
Солтүстік Каспий жобасы департаментінің директоры
Касенов Ақжан

«Шелл» компаниясының 
қойнауқат инженері
Жаманкулов Арман