Жыл сайынғы Каспий техникалық конференциясы және SPE көрмесі 31 қазан - 2 қараша 2018 Астана, Қазақстан
  • Society of Petroleum Engineers
  • қонақтаушы мекеме KMG

Медиа-әріптестер

 

​​

Oil and Gas Innovation журналы мұнай-газ секторының және инновациялардың нағыз ілгерілетуші күші болып табылады. Біздің журнал өнеркәсіптің осы үздіксіз өзгеріп отыратын саласы бойынша сенімді және беделді сараптық пікірді қамтамасыз ету. Біздің журнал жаңа ағымдарды мұқият қадағалап, барлау және өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату секторларына арналған инновациялық технологиялардың терең талдауын қамтамасыз ету.

Біз өзіміздің оқырмандарымызға салалық үрдістер, жаңалықтар және нәтижелер жөніндегі ақпаратты, қандай да басқа жолмен табылуы қиын өзге ақпаратты беретіндігімізді мақтан тұтамыз. Біз баста назарды оқырмандарымыз үшін қажетті технологияларға бөлуге тырысамыз.

​​

Oil & Gas Technology журналы батыс елдері мен дамушы елдердің мұнай-газ саласының  нарықтарын біріктіреді. Біз технологиялар бойынша жаңалықтарды, сала қатысушыларымен эксклюзивті сұхбаттарды және  барлау және өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату, құбырлар секторларына  және саланың барлық деңгейлерін қамтитын жұмыстарға жасалған талдауларды ұсынамыз. Қазір тіркеліп, біздің апта сайынғы жаңалықтар таратылымына және журналдың электронды нұсқасына мүлдем тегін қатынау мүмкіндігіне ие болыңыз.

​​ROGTEC журналы, Ресей мұнай-газ технологиялары, ресейлік және Каспий өңіріндегі барлау және өндіру секторының жетекші салалық баспасы болып табылады. ROGTEC журналы осы саладағы осындай орынға нарықтың жетекші компанияларымен және салалық қауымдастықтармен іскерлік қатынастар орнату арқасында қол жеткізді.  Тоқсан сайын басылатын ROGTEC журналы Ресейдің, Кавказ және Каспий өңірлерінің бүкіл аумақтарында мемлекеттік мұнай компаниялары, халықаралық мұнай компаниялары, қызмет көрсетуші ұйымдар мен мердігерарасында тегін таратылады. ROGTEC журналы инженерлермен инженерлер үшін әзірленген.

10 жыл бойы салалық кітаптар мен мұнай-газ саласының әлемдік қалыптасып келе жатқан және қалыптасқан нарықтар бойынша карталарды басып шығарғаннан кейін The Oil & Gas Year журналы қайтадан жетекші орындарға ие болды.  Журнал VIP оқырмандар мен мақалалардың авторларын жаңа жаңалықтар ортасында біріктіретін іскери ақпаратты талдаудың интерактивті сандық платформасын іске қосты.

TOGYiN нарықтың гиперкарталарына тиімді кірістірілген, барлау және өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату секторларының инвесторлары үшін нарықтың қатысушылары мен инфрақұрылымын бейнелейтін мыңдаған 

Subsea & Offshore Service Magazine журналы жаңалықтарды, үрдістерді, заңдардағы өзгерістер туралы ақпаратты, кәсіпорындарды сатып алу және әлемдік мұнай-газ саласымен ұсынылатын технологиялық әзірлемелер бойынша ақпаратты жариялайды. 

The Petroleum Magazine Petroleum Magazine журналы Қазақстандық Алматы қаласында 2000 жылдан бастап басылады. Ол Қазақстан нарығында жұмыс істейтін инвесторлар, саясаттанушылар және экономисттерге арналған жоғары дәрежелі журнал мен талдаушылық басылымның жетік үлгісі болып табылады. Журнал тақырыптары болып жаңа жобалар, кен орындарын әзірлеу,  мұнай және газды барлау және өндіру, өңдеу, тасымалдау және сату, компанияларды таныстыру,   профильдік министрліктер мен ұлттық компаниялардың жетекшілерімен сұхбаттарды, көмірсутектерді өндіру статистикасы, инвестициялық заңнама мониторингі табылады. Журнал жылына 6 рет орыс және ағылшын тілдерінде басылады.

Worldoils маркетинг күшін және мұнай-газ саласы, қайраңда және теңізде өндіру аясындағы өз сарапшылық білімдерін біріктірген компания.   Worldoil компаниясының интернет-порталы: www.worldoils.com, мұнай-газ өнімдері, қызмет көрсетулер, зерттеулер, оқыту, конференциялар, жаңалықтар және іс-шаралар туралы ақпаратты қажет ететін келушілері үшін нағыз орталық тұғырнамаға айналды, сондай-ақ мұнай-газ өндірісі, қайраңда және теңізде өндіру саласында қызметтерді жеткізушілер үшін танымал жарнама алаңы болып табылады. Сонымен қатар Worldoils компаниясы бос жұмыс орындарын орналастыру жүйесін және сауда алаңын іске қосты. Соңғы айлардың ішінде Worldoils компаниясы жер үсті бұрғылау қондырғыларын, теңіз бұрғылау қондырғыларын, баржа бұрғылау қондырғыларын және басқа да мұнай кәсіпшілігі және жер асты құрал-жабдықтарын сатып алуға және сатуға арналған жылдам дамып келе жатқан орталық алаң ретіндегі позицияларын нығайтты. 

Oil and Gas Eurasia (Еуразиядағы мұнай және газ) журналы Ресей мен ТМД мұнай-газ саласы туралы әңгімелейтін жетекші халықаралық журнал ретінде 8 жыл бойы жарияланып келе жатыр. Биылғы жылы бұрынырақ журналистерге Ресейдің мұнай-газ секторындағы негізгі оқиғаларды көруге, ал сіздерге, оқырмандарға, олардың білімдері мен пікірін пайдалануға мүмкіндік беру үшін біз өз беделімізді журналды онлайн шығару арқылы нығайтуды шештік. Біздің авторларымыздың тереңірек ресми мақалаларын: www.oilandgaseurasia.com. сайтынан табуға болады. 

Upstream (Өндіру) басылымы апта сайын 104 мемлекетте шамамен 40 000 беделді басшы оқитын мұнай-газ саласының жаңалықтары мен іскерлік сараптаудың озық әлемдік көзі болып табылады. Бизнестің философиясы деп әлемдік мұнай және газ өнеркәсібі туралы тәуелсіз сапалы жаңалықтар мен ақпаратты жасап шығаруды және таратуды айтады. Бүкіл әлем бойынша үнемі 14 негізгі орында орналасатын 31 тәжірибелі журналистен құралатын командасымен бірге Upstream басылымы өзінің жаңалыққа және ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру ісінде басшылар үміт арта алатын объективті, тәуелсіз журналистиканы қамтамасыз етуге қабілетті. Upstream басылымы апта сайынғы газетті жариялайды және жаңалықтардың тәулік бойы цифрлық баяндалуын қамтамасыз етеді. 

Kazservice – Қазақстанның салалық мұнай компанияларының қауымдастығы. Ол 2011 жылы мұнай-газ және тау-кен кен орындарында жұмыс істейтін барлық сервистік компаниялардың күшін біріктіру және шоғырландыру мақсатымен құрылды. Қауымдастықтың мақсаттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: 

  • Жергілікті компанияларды ірі мұнай-газ жобаларын Қазақстанда іске асыруға тарту;
  • Қауымдастық мүшелерінің мүдделерін ілгері бастыру;
  • Қауымдастықтың негізінде ақпараттық диалогтық алаң құру;
  • Қауымдастық мүшелерінің ұсыныстары мен проблемаларын біріктіру.

«Қазсервис» өз қатысушыларының мүдделерін еліміздің сервистік бизнес жүргізілетін өңірлерінде бірлесіп білдіруді ұсынады. Сонымен қатар қауымдастық жалпы сервис саласындағы жұмыстың тиімділігін, атап айтқанда, нақты сервистік компаниялардың жұмысының тиімділігін арттыру  үшін мемлекеттік органдармен ынтымақтасуды ұсынады.  

The Journal of Petroleum Technology (Мұнай технологиялары журналы) мұнайды және газды дүниежүзілік барлау және өндіру саласындағы кәсіпқой мұнайшыларға арналған жетекші журнал. Мұнай-газ өнеркәсібі инженерлерінің қоғамы (SPE) жариялайтын журнал ай сайын өндіру секторының озық технологиялық атқарымдардан бастап іс жүзінде пайдалану әдістеріне дейінгі барлық салаларын қамтитын редакциялық контентті тақырыптамалық мақалаларда, техникалық құжаттарда, сұхбаттарда, қонақ бағандарында және жаңалықтарда баяндау арқылы ұсынады. 1949 жылдан бастап журнал саладағы мұнай мен газды барлау және өндіру технологиялары туралы ақпараттың ең беделді көзі болып табылады. 

 

Interested in becoming a Media Supporter for the renowned SPE Caspian Technical Conference and Exhibition?

Email Katie
Marketing Manager, CTCE