Жыл сайынғы Каспий техникалық SPE конференциясы 21 - 22 қазан 2020 жыл Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Конференция төрағаларының сәлемдесуі

Құрметті әріптестер!

Атқарушы және Бағдарламалық Комитеттердің атынан, сіздерге жетінші Каспий техникалық SPE конференциясына қош келдіңіздер дегіміз келеді! Осы жылы біз 2020 жылдың 21-22 қазаны Қазақстан, Нұр-Сұлтанға қайта ораламыз.

Жыл сайынғы Каспий техникалық SPE конференциясы мұнай-газ өнеркәсібіндегі маңызды оқиғалары мен қиыншылықтары, болашақ үрдістері мен артықшылықтары бойынша кездесу және сараптамалық пікір алмасу үшін түрлі кәсіпқойлардың, зерттеушілердің және мемлекет өкілдерінің бастарын қосады.

Өнеркәсіп мұнайдың төмен бағасы мен технологиялық қиындықтарды перспективалық мүмкіндіктерге айналдыру арқылы оларды жеңудегі өз тұрақтылығын көрсетті. Жыл сайынғы Каспий техникалық SPE конференциясында мұнай-газ секторының ағымдағы, пайда болып жатқан және болашақтағы әлеуметтік, экономикалық және білім қажеттіліктерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді.

Биылғы Каспий техникалық SPE конференциясында қатысушылардың негізгі мәселелер жөніндегі 50 астам техникалық баяндамалары, стендтік сессиялары және сөздері ұсынылады, сонымен қатар, техникалық білім алмасуға және болашақ инновациялар мен міндеттермен танысуға арналған, жергілікті және халықаралық сала жетекшілерімен және ESP сарапшыларымен танысуға арналған бірегей мүмкіндік беріледі.

Сіздерді Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында күтеміз.

Құрметпен,

Khusain Oryngaliev
TCO

Александр Райдез
Жетекші инженер, Шлюмберже

Мұрат Сыздықов
Қ. И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті