Төрағалардың құттықтау сөзі

Құрметті әріптестер!

Атқарушы және Бағдарламалық Комитеттердің атынан біз Сіздерді кейіннен Қазақстандағы Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы 18-20 қазанда өтетін тоғызыншы SPE (CTC) Жыл сайынғы Каспий Техникалық Конференциясының техникалық бағдарламасына қоса отырып, баяндамаларыңыз бойынша ұсыныс беру үшін шақырғымыз келіп отыр.

Мұнай-газ секторы жаңа зерттеулермен, инновациялармен және шығармашылықпен байланысты жақында өткен теңдессіз сын-тегеуріндерге тап болды. SPE іс-шаралары біздің саламыздың жарқын да серпінді болашағының іргетасын қалай үшін біліммен алмасатын ғылыми-зерттеу және инженерлік қоғамдастықтарға арналған ең үздік платформалардың бірі болып табылады. Осыған байланысты биылғы жылы конференцияда сала мен зерттеушілерге ең соңғы үлгідегі технологиялар, саланың үздік салалық практикалары және жаңа тақырыптар туралы ақпарат беру мақсатында 9 техникалық пәнді қамтитын, сарапшылардың іріктеп алған ең үздік баяндамалардан құралатын ауқымды техникалық бағдарлама ұсынылады.

Баяндама туралы ұсынысыңызды 15 сәуірден кешіктірмей жіберуіңізді сұраймыз. Егер Сіздің баяндамаңыздың түйіндемесі презентацияға қабылданса, Сізге ол туралы 8 мамырға дейін хабарланады.

Техникалық ұсыныстарыңызды және Нұр-Сұлтан қаласында қазан айында өтетін Сізбен тікелей кездесуімізді тағатсыздана күтеміз.

 

Құрметпен,

Бағдарламалық Комитеттің Тең Төрағалары

Хусаин Орынгалиев
TCO

Александр Ридез
Schlumberger Completions

Талгат Сейтимов
ENI